Жүздесу барысында бірнеше сала бойынша өзара ынтымақтасу мәселелері талқыланды. Олардың ішінде Қазақстанда валютаны реттеу, Қазақстан мен Қытай арасында қолма-қол ақша айналымы, Қазақстанның Ұлттық банкі мен Қытай Халық банкі арасында ақпарат алмасу мәселелерін атауға болады.
Одан басқа, екі ел арасында төлем жүйесі мен өзара есеп айырысуды дамыту жайы қозғалды. Сондай-ақ, Қазақстан қор биржасында юань/теңге, бағалы қағаздар және басқа да қаржы құралдарының саудасы жөнінде талқыланды.
Әңгімелесу кезіндеа Қытай Халық банкі Шыңжаң филиалының президенті Го Цзяньвэй мен Қытай Халық банкі Монетарлық саясат департаменті Бас директорының орынбасары Чжоу Чэнцзюнь Қазақстанның Ұлттық банкі мен Қытай Халық банкі арсындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға негіз бар екендігін атап өтті.
«Бұл ынтымақтастық екі ел үшін стратегиялық маңызға ие. Оның дамуына таяуда Қазақстан Президентінің Қытай Халық Республикасына жасаған мемлекеттік сапары оң әсер етті. Сол кезде қол қойылған келісімдер қытайлық және қазақстандық компаниялар үшін өте маңызды», - десті қонақтар.
Го Цзяньвэйдің айтуынша, екі ел арасындағы тауар айналымы көлемінің өсуі есеп айырысу операцияларына ұлттық валютларды, инвестицияны қолдануға мүмкіндік береді.
«Өткен жылы, біз шекара маңында сауда жүргізу бойынша есеп айырысу операциялары туралы келісімге қол қойдық. Қазақстан қор биржасында юань-тенге жұбының саудасы ашылды. Бұл қазақстандық және қытайлық компаниялардың өзара ынтымақтасуына жол ашады. Оның үстіне қазір Қазақстан мен Қытайдың инвестициялық компанияларына доллар емес, юань немесе теңгені қолданған қолайлы. Сондай-ақ, екі елдің орталық банктері арасында валюталық своп бойынша ортақ келісімге қол қойылған. Яғни, егер біздің елдерімізде юань немесе теңге жеткіліксіз болса, онда ұлттық валютаны қажетті мөлшерде алу үшін біз бір-бірімзге өтінім бере аламыз», - деді Го Цзяньвэй.
Одан басқа, кездесу барысында Қытай Халық банкінің өкілдері «Астана» Халықаралық қаржы орталығы жобасының маңыздылығын атап өтті.
«ҚР Ұлттық банкінің бұл Орталықты дамытуға барлық ресурстары жетеді. Және ең бастысы, мұны Қазақстан Президенті қолдап отыр. Сондықтан бізе сіздерге табыстар тілейміз», - деді Қытай Халық банкі Монетарлық саясаты департаменті Бас директорының орынбасары Чжоу Чэнцзюнь.
Тараптар алдағы уақытта да осындай кезедсулер өткізудің маңызды екендігін атап өтті.