Атырауға мал азығы дақылдарының жаңа сұрыпы өсірілді

/uploads/thumbnail/20170708195506046_small.jpg

Атырау ғалымдары өңірде болмаған жем-шөп дақылының жаңа сұрыпын өсіріп шығарды. Бұл дақыл «Сарайшық» иіртіс түйежоңышқа деп аталады. Бұл туралы "Қамшы" порталы ҚазАқпарат -қа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

-Бұл дақыл жүгері мен жоңышқаға қарағанда ылғалға аса мұқтаж емес. Ал өнімділігі екі есе жоғары. Каспий маңындағы тұзды жерлерде мұндай жоғары өнімділікті ешбір жем-шөп дақылы қамтамасыз ете алмайды, - деді Оңтүстік-батыс мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ-дің Атыраудағы филиалы секторының меңгерушісі Болат Мұзамбетов.

Жаңа жем-шөп сұрыпына бірінші кезекте жергілікті мал өсірушілер қызығушылық танытты. 

Алғаш еккен кезде «Сарайшық» түйежоңышқасының өнімділігі бойынша 1 гектардан 624 центнер алдық. Негізінен, ол гектардан 800-1110 центнер деңгейінде өнім береді. Түйежоңышқаның бір орымының өнімділігі жоңышқаның кем дегенде үш орымына тең.
Атыраулық ғалымдардың жұмысына Қызылорда облысы да қызығушылық танытты. Гранттық жобаға ғалымдар әзірлеген өтінім «Сарайшық» түйежоңышқасының элиталық тұқымын жылына 4 мың тонна деңгейіне жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл Атырау облысының тағы бір «бренді» десе болады.

 

Қатысты Мақалалар