Ресей президенті Владимир Путин НАТО Украинада әскері мен қару-жарағын орналастырғанына байланысты ескерту жасады. Ол бұл әрекет Ресей үшін қызыл сызық болып есептелетінін және оған қатаң жауап берілетінін мәлімдеді.
Батыс елдері Ресей Украинаға басып кіре име деп қауіптеніп отыр. Ал Путин НАТО-ның Ресей шекаралары маңындағы жаттығуларына алаңдайтынын жеткізді.
Онлайн-инвестициялық форумға қатысушылармен сөйлесу кезінде Ресей президенті НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюі Мәскеудің негізгі қауіпсіздік мүдделеріне қатер төндіргенін айтты. Ол "НАТО Украина аумағын Ресейдің басқару орталықтарына небәрі бес минутта жетуге қабілетті зымырандарды орналастыру үшін пайдалана алады" деп алаңдаушылық білдірді.
"Мұндай қауіптердің пайда болуы біз үшін қызыл сызықты білдіреді. Жаһандық қоғамдастық үшін парасаттылық пен жауапкершілік жеңеді деп үміттенемін" деді Путин.
Ол Мәскеу жаңа гипердыбыстық қаруды жасау арқылы күшейіп келе жатқан қауіптерге қарсы тұруға мәжбүр болғанын айтты.
"Біз не істеуіміз керек? Бізге қауіп төндіретіндердің өздеріне сондай жағдай әзірлейміз. Біз мұны қазір де жасай аламыз" деді Путин.
Пікір қалдыру