2015 жылдың басынан бастап халыққа 24 миллионнан астам мелекеттік қызмет көрсетілді. «Электронды үкімет» порталы арқылы халық 875 қызмет түріне қол жеткізе алады. Бұл туралы Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңының жобасын талқылау кезінде ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев айтты. Бұл туралы "Қамшы" порталы Baq.kz -ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«Республикада 200-ге жуық мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін 267 ХҚО жұмыс істейді. Тек қана 2014 жылы ХҚО арқылы 29 млн., ал 2015 жылдың 9 айы ішінде 24 млн. қызмет көрсетілді. ХҚО-ның басты артықшылығы – қызметтерге бірдей қол жеткізу арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелінен арылу, барлық қызметті бір жерде алып, қызмет көрсетушілер мен азаматтар арасындағы тікелей байланысты жою.», - деп хабарлады Ә.Исекешев.
Бүгін Мәжілісте талқыланып отырған заң жобасы халықаралық тәжірибе ескеріле отырып, мелекеттік қызметтердің толық циклы қағидаты бойынша әзірленді. Яғни, құжаттарды қабылдау, өңдеу және беруді ұйым өзі жүзеге асырады.
Жалпы ұлттық жоспарда – Мемлекет басшысы берген «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясын құру» тапсырмасы бойынша бес институционалдық реформаны іске асырудың 100 қадамы шеңберінде Канадағы Service Canada және Австралиядағы Centrelink үлгілері бойынша мемлекеттік корпоарция мемлекеттік қызмет көрсетдің бірыңғайу провайдеріне айналады. Мемлекеттік корпорация халыққа қызмет көрсетудің барлық орталықтарын бірыңғай жүйеге айналдырады. Қазақстанның азаматтары барлық мемлекеттік қызметтерді бір жерде алатын болады.
Мемлекеттік корпорация құрудағы Канаданың бірінші кезеңдегі тәжірибесін ескере отырып, неғұрлым жоғары сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер көрсету ұсынылуда, мұның өзі «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер санын 212-ден 522-ге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметтерді одан әрі Мемлекеттік корпорацияға беру олардың санын 709-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.