Президент Қ.Тоқаев Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккен азаматтармен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қ.Тоқаев орман өртінен зардап шеккен Аманқарағай ауылының аумағын аралап, Әулиекөл ауылындағы мектепте орналасқан эвакуациялау пунктінде зардап шеккен азаматтармен кездесіп, гуманитарлық көмек тарату пунктінің жұмысымен танысқан.
Зардап шеккендермен кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет қиын жағдайды еңсеру үшін барлық шараларды қабылдайтынын айтты.
– Өкінішке қарай, үлкен өрт болды. Дегенмен тиісті көмек көрсетіледі. Сіздердің баспанасыз қалғандарыңызды білемін. Үкімет екі, екі жарым айда сіздерге бұрынғыдан әлдеқайда жақсы жаңа үйлер салып береді, – деді президент.
Пікір қалдыру