"Оқитын буынға сенемін". Алматыда тегін таратылатын жаңа газет шыға бастады

/image/2023/02/17/crop-21_50_1429x2540_mycollages-1.jpg
Журналист, КазТАГ ақпарат агенттігінің директоры Әсет Матаев "МЕТРО" атты жаңа газетті шығара бастағанын мәлім етті.
 
Газет тегін таратылады. Алғашқы 12 мың данасы Алматының метросы мен танымал супермаркеттердің сөрелеріне қойылған.⠀
"Мен үшін бұл өте маңызды. Осы идеямды 2006 жылдан бастап жүзеге асырғым келген еді. Мен оқитын буынға сенемін және оқу өнерін жоғалтып алмауымыз қажет деп санаймын. Заманауи социологтар адамдардың цифрлық детоксқа жиілеп кеткен құштарлығын өсіп келе жатқан микротренд деп атайды. Адамдар технологиялардан шаршауы мүмкін, бірақ білім мен қажетті ақпараттан емес. Редакция Сіз үшін әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси тақырыптарда қазақ, орыс тілдерінде жаңалықтар дайындап, аналитика жасайды, кейінірек ағылшын тілінде дайджест пайда болады. Бізге сәттілік тілеп қойыңыздар!" деді Әсет Матаев facebook парақшасында.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар