Алматы халқының саны 2005,496 адам болса, қалада 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Оңтүстік елорда халқының этникалық құрамында тоғыз ұлт ең көп болып саналады: қазақтар – 1 177 815 адам (60,58%), орыстар – 465 982 (24,3%), ұйғырлар-103 830 (5,34%), корейлер-34 705 (1,78 %), татарлар-25 090 (1,29%), әзірбайжандар – 13 944 (0,71%), өзбектер – 12 432 (0,63%), дүнгендер – 10 984 (0,56%), украиндар – 10 213 (0,52%).
Қазақстанда этносаралық қатынастарды реттеудің жетекші әлеуметтік-саяси институты Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) болып табылады. Ассамблея Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығымен құрылды. ҚХА-ның басты функциясы мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және жүргізуге жәрдемдесу болып табылады.
2021 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қалалық Достық үйі ашылды. Оның қабырғасында Алматының 18 этномәдени бірлестігін шаңырақ астында жинаған Қазақстан халқының қалалық Ассамблеясы жұмыс істейді. Оның қызметін Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ қамтамасыз етеді.
Пікір қалдыру