Жүзден жүйріктер Елбасы қоры сыйлығымен марапатталды

/uploads/thumbnail/20170708151154597_small.jpg

31 қаңтар күні Алматы қаласында жыл сайынғы Елбасы ‒ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының арнайы сыйлығын салтанатты мараптау шарасы өтті. Алдын ала ұйымдастырылған байқауға еліміздің әр өңірінен 100-ге тарта ұсыныс келіп түссе, соның ішінде ғылым саласына үлес қосатын 7 ғылыми жоба авторы мен 10 мәдениет және өнер майталмандары үздік деп танылды. Олардың арасында мәдениет және өнер саласындағы  жемісті еңбегі үшін "Іске сәт"  бағдарламасының жүргізушісі Ақкенже Әлімжан,   Қазақстанның заманауи өнеріне қосқан үлесі үшін  суретші Бақыт Бөбеқанова, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының белгілі солисі Дмитрий Сушков, Қазақстанның хореографиялық өнерінің дамуы мен сақталуы жолында еткен еңбегі үшін  гимнасттар Руслан Файзулин и Андрей Канахин Елбасы ‒ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының арнайы сыйлығымен марапатталды. Сондай-ақ, лауреат атағын Алексей Шахматов ақпараттық бағдарламалар топтамасы үшін иеленсе, архитектор, «Қазақстан Мемлекеттік археология және этнографиялық мұражайы» (2006 г.) атты жобасы үшін Халықаралық Архитекторлар қоғамы ассоциациясының І дәрежелі «Гран-при» иегері Қанат Кургановтың еңбегі жоғары бағаланды. Жүзден жүйріктерге төс белгі тағылып, ақшалай сыйлықтар табысталды.

Айта кету керек, 2008 жылдан бері Елбасы ‒Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры болашағы жарқын жас ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлерін ынталандыру мақсатымен, байқауға негізделген арнайы сыйлықпен марапапаттап келеді. Байқау шартына сәйкес, республикалық додаға қоғам мойындаған ғылыми зерттеулер мен әртүрлі ізденістер, шығармашылық жобалар мен бағдарламалар қатысады. Өткен 5 жыл ішінде 73 сыйлық табысталды. Лауреаттар арасында елімізге белгілі тұлғалар: Аида Аюпова және Ермек Құрманаев секілді скрипкашылар, актерлер Ануар Нұрпеисов пен Әсел Сағатова, опера әншілері Мейір Байнешов пен Андрей Трегубенко, Медет Чотабаев; белгілі жас ғалымдар: әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Гульмира Абдирайымова,тіл білімі – филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжанова, техника ғылымдарының докторы, профессор Марат Сатаев секілді ғалымдар бар.

Елбасының Қазақстан халқына арналған жолдауында: «Сіздердің жеке табыстарыңыз – ата-аналарыңыздың, туыстарыңыздың, отбасыларыңыздың, отандастарыңыз, қала берді бүкіл Отанымыздың табысы» деген еді. Лаураеттар жеңісі еліміз үшін жемісті болғай.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар