"Қазір адвокат жұмыс істеп жатыр. Бас консулдық Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне нота жібергенбіз. Марқабаевтың өзімен кездесуді қарастырып жатырмыз. Туыстарымен жолықтық, толық мәлімет алдық", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, Ермек Марқабаев Алматы-Бішкек тас жолында 2 маусымда ұсталған. Қазір 287 бабы "Қаруды, оқ–дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Пікір қалдыру