"Тексеру басталды": Алматыдағы ауруханада науқастар ВИЧ жұқтырды

/image/2023/06/14/crop-64_11_597x1061_64899b5b87fa5184578861.png

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасы науқастарының АИТВ (ВИЧ) жұқтыру дерегіне қатысты мәлімдеме жасады.

“ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ЖИТС орталығының мамандары Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында (ОҚКБ) ем қабылдаған адамдардың арасында АИТВ-оң мәртебесі бар үш жағдайды анықтады. Осы факті бойынша ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеттері тексеруді бастады. Комиссияның құрамына ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының мамандары тартылды”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұдан бұрын Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы қаланың орталық клиникалық ауруханасында емделушілердің АИТВ жұқтырғанын растаған болатын. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар