Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор Алтынбек Жамалиев Қазақстанда көліктерді заңдастыру мерзімін ұзарту туралы сұраққа жауап берді.
"Егер 1 шілдеге дейін өтініш беріп үлгерсеңіз, онда бұл өтінішті қарауды жалғастыратынымызды атап өткім келеді. Яғни, дүрбелең жасаудың қажеті жоқ, әлі уақыт бар. Көлігіңізді заңдастыру үшін ең бастысы 1 шілдеге дейін өтініш беру керек", - деді Жамалиев.
Бұл ретте ол бүгінде Қазақстанда 177 мыңнан аса автокөлік тіркелгенін, оның 10 мыңға жуығы құрастырылған көліктер екенін түсіндірді.
Пікір қалдыру