Титан батикафының сынықтары арасынан адам қалдықтары табылды

/image/2023/06/29/crop-5_8_321x570_a6d02c67b3c24702a992f00ce1c39ed6.jpeg

"Титаник" кемесіне саяхат жасамақ болған "Титан" батискафының сынықтары су астынан шығарылды. АҚШ жағалау күзетінің мәлімдеуінше, сынықтар арасынан адам қалдықтары табылған. 

“АҚШ медицина мамандары батискафтан табылған адам қалдықтарына сараптама жүргізеді”, – делінген АҚШ жағалау күзетінің мәліметінде. 

Батискаф сарапта жұмыстары үшін Канадаға жеткізілген. 

Еске сала кетейік, 19 маусым күні Титаникке саяхат жасайтын батискаф 5 жолаушымен бірге жоғалып кеткен болатын. Бортта миллиардер-зерттеуші Хэмиш Хардинг, OceanGate компаниясының бас директоры, Францияның су асты кемелерінің бұрынғы жетекшісі Поль-Анри Наржеоле, Пәкістандық кәсіпкер Шахзада Давуд пен оның ұлы Сүлеймен болған.

22 маусымда батискафтағы оттегі қоры таусылған. Кейін іздестіру жұмыстары нәтижесінде батискаф сынықтары табылып, АҚШ жағалау күзеті су асты аппаратында ішке бағытталған жарылыс болғанын хабарлаған болатын.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар