UFC президенті Дана Уайт бірде-бір рет жеңілмеген қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың октагонға оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sports.kz.
Рахмонов октагонға 16 қыркүйекте шығады. Аралас жекпе-жек шебері бұл жолы америкалық Кевин Гастелуммен айқасады. Бұл UFC турнирінің негізгі жекпе-жектерінің бірі болмақ.
Айта кетері, Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақ дәрежесінде алтыншы нөмірде. "Номад" UFC-де бес жекпе-жек өткізіп, барлығында мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Соңғы рет қазақстандық америкалық Джефф Нилді үшінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңген болатын.
Пікір қалдыру