15 ақпан қазақтың әйгілі жазушысы, 6 томдық "Қылмыс" романының авторы Қажығұмар Шабданұлының өмірден озғанына 3 жыл толады.. Саяси қылмыскер атанып, 40 жыл өмірін абақтыда өткізген қаламгер ғұмыр бойы қаламын қолынан тастаған жоқ. Атамекені Тәуелсіз Қазақстанға өзі жете алмаса да, ұрпақтары Маздат Қажығұмарұлы мен Жайнар Қажығұмарқызы Қажекеңнің түтінін түтетіп отыр. Біз біраз жылдан бұрын Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген "Қажығұмар мен Қажиякбар" деген деректі фильмді назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Пікір қалдыру