Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне Айдарбек Сапаров тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген жарлық мәтінінде.
Сапаров 2022 жылғы желтоқсаннан бері Солтүстік Қазақстан облысын басқарған болатын.
Сондай-ақ президент Ербол Қарашөкеевті ауыл шаруашылығы министрі лауазымынан босатты. Қарашөкеев бұл қызметті 2021 жылғы қыркүйектен бастап атқарды.
Пікір қалдыру