Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесі өтті

/image/2023/09/15/crop-0_16_1500x2666_1694695362_kz4_1998_2.jpg

Саммит қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:

1. Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының Душанбе мәлімдемесі;

2. Тәжікстан Республикасының Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалығының қорытындылары туралы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі;

3. Халықаралық Аралды құтқару қорының ұйымдық құрылымын және шарттық-құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі қызмет туралы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі;

4. Халықаралық Аралды құтқару қорының Президентін сайлау туралы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасында жұмыс сапарымен жүр.

Президент Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесі отырысына қатысып, баяндама жасағаны хабарланған болатын.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар