Қазақстандықтардың жеке деректері еркін таратылуда

/image/2023/09/22/crop-65_30_486x648_seo-cover_736kh543_325832589327589__.jpg

Яғни, белгісіз бот кез келген қазақстандықтың телефон нөмірі мен тұрақты мекенжайын, жұмыс орнын іздеген жанға оңай тауып беріп отырады. Бастапқыда бот өзіне жазылушыларды тарту мақсатында жеке деректерді тегін тауып берген. Кейінірек ол қызметтері ақылы түрге ауысқан. Онда да төлемді ресей рублінде төлеуді сұрайды. Бұған қатысты ҚР Цифрлы даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі әр азамат өзі туралы ақпаратты әлеуметтік желідегі парақшалары мен түрлі онлайн платформалар арқылы көрсеткендіктен, олар туралы жеке деректері де қолжетімді болатынын айтады.

  • Қазіргі уақытта министрлік дербес деректердің тарағаны үшін жауапкершілікті қатаңдату жөнінде шаралар қабылдап жатыр. Telegram боттар тұрғылықты мекенжайлары бойынша ескі мәліметтерді көрсетеді. Сонымен қатар кейбір мекенжайлар жалпыға қолжетімді көздерде немесе тауарлар мен қызметтерді жеткізу желілерінде көрсетілуі мүмкін, – дейді министрлік. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар