Қазақстан – Қытай арасындағы визасыз режим күшіне енді

/image/2023/11/10/crop-3_4_165x293_bez-nazvaniya-6.jpg

Бүгіннен яғни, 2023 жылдың 10 қарашасынан бастап, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім күшіне енді, деп хабарлайды Qamshy.kz.

Келісімнің 1-бабына сәйкес, екі елдің азаматтары жеке істерді, туризмді, ем қабылдауды, халықаралық тасымалдарды, транзиттік, сондай-ақ іскерлік мақсаттарды жүзеге асыру үшін визалық талаптардан босатылады.

Сондай-ақ, азаматтардың екі мемлекет аумағында болу мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімдегі кезеңге, ал күнтізбелік 180 (жүз сексен) күн ішінде жиынтығында күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспауы қажет. Азаматтарда 30 күннен артық болу қажеттілігі болған жағдайда, тиісті санаттағы кіру визасын алдын ала рәсімдеу қажет.

Визасыз режим жұмысқа орналасуға, оқуға және миссионерлік қызмет жасауға құқық бермейді. Жоғарыда аталған келісім ҚХР Гонконг және Макао арнайы әкімшілік аудандарының аумағына баруға қолданылмайтынын да атап өтеміз. Яғни, Қазақстан азаматтары Гонконгқа визасыз 14 (он төрт) күннен аспайтын мерзімге ғана бара алады. Ал Макаоға бару үшін арнайы виза рәсімдеу қажет.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар