- Абай облысының аумағында орман өртінен кейінгі зардапты жою бойынша министрлік қабылдаған шараларға тоқталып өтпекпін. Біріншіден, 2023 жылғы қазан айында министрлік жедел штаб құрды. Оның құрамына Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияның өкілдері, «Семей орманы» резерватының мамандары, Абай облысының әкімдігі мен құқық қорғау органдарының өкілдері кірді. Екіншіден, тиісті жол картасы бекітілді. Өрт шалған екпелерге қатысты орман мамандары жүргізген зерттеулердің нәтижелері бойынша ағаш зиянкестері мен аурулары байқалған. Осыған байланысты орман зиянкестерінің таралуына жол бермеу және ағашты сақтау мақсатында бүлінген сүректі жинап алуды барынша қысқа мерзімде жүзеге асыру қажет», - деді Е. Нысанбаев.
Сондай-ақ ол алдын ала деректер бойынша өртенген ағаштың көлемі шамамен 6 млн текше метрді құрады. Резерватта бар техника мен жабдықтар, сондай-ақ адам ресурстары орман шаруашылығы жұмыстарының осындай көлемін орындауға есептелмеген. Осыған байланысты арнайы техника мен жабдықтарын сатып алу қажет. «Өртенген орман ағаштарының жалпы көлемінің шамамен 80 пайызы отындық ағаш. Сондықтан бұл аймақта ағашты тереңдетіп өңдеу зауытын салу керек. Бұл ретте, Министрлік Абай облысының әкімдігімен бірлесіп, орман өртінен бүлінген сүректі тереңдетіп өңдеу зауытын салу үшін инвесторларды тарту мәселесін пысықтап жатыр. Қазір 4 компания осыған мүдделі екенін білдірді», - деді министр.
Министрдің айтуынша, Қостанай облысында өртенген орман ағаштарын жалпы республика бойынша ағаш өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселесі бар. «Атап айтқанда, «Семей орманы» резерватында өртенген орман ағаштарын тазарту жұмыстары биылғы 15 қаңтардан басталды. Бұл жұмысты резерват өз күшімен іске асырылып жатыр. Қазір 415 текше метрі дайындалды. Жұмыстың ауқымдылығын (6 млн текше метр) ескере отырып, осы жұмыстарға Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің резерватқа жақын орналасқан табиғат қорғау мекемелерін жұмылдыру жоспарланған», - деді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі.
Пікір қалдыру