Министр соңғы жылдары Қазақстанда гидротехникалық құрылыстарға тиісті көңіл бөлінбей келе жатқанын, соның салдарынан дамбылардың жарылуы, су бөгеттерінің бұзылуы елдімекендерге қауіп төндіруі мүмкін екенін айтты. Ол жөндеу жұмыстары жылда жүргізілетінін, алайда бұл ретте тек республикалық нысандар назарға алынатынын, ал коммуналдық нысандар көптеген жыл бойы елеусіз қалып келе жатқанын жеткізді.
"304 гидротехникалық құрылымның адам өміріне тікелей қаупі бар. Оның 216 немесе 71 пайызында жергілікті хабарлау жүйесі орнатылмаған. Олар жарылса, 2010 жылғы Алматы облысында және 2014 жылғы Қарағанды облысындағыдай адам шығындарына әкеліп соғуы әбден ықтимал", дейді министр.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 1500-ден астам гидротехникалық нысан бар, оның жартысына жуығы жөндеуді қажет етеді.
Пікір қалдыру