Елімізде трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметіне тосқауыл қойылды

/image/2024/02/21/crop-91_4_757x1010_ps.jpg

Қылмыстық топтың мүшелері Ақмола облысы Ерейментау қаласының шетінде орналасқан, ұйымдастырушы сатып алған жеке үйде құрықталды. Онда күдіктілер психотроптық заттарды дайындап, сақтаған.

"Топ мүшелерінің арасында рөлдер мен міндеттер нақты өзара айқындалған. Есірткі зертханасында салқындату, желдету жүйелері, сондай-ақ синтетика өндіру үшін арнайы жабдықтар болған. Есірткі жасырын түрде, қатаң құпиялықты сақтаумен дайындалған. Күдіктілер көршілерде күдік тудырмас үшін үйден тек қажет болғанда ғана шығып, үйдің периметрі бойынша ұйымдастырушының Wi-Fi желісіне шығатын бейнебақылау камераларын орнатқан. Сонымен қатар есірткі әзірлеуге арналған шикізаттар мен дайын өнімді сақтайтын гараж және автокөлік сатып алынған. Бұл мүліктердің барлығы көлеңкелі схемамен төленіп, шетелдік сатып алушының атына тіркелмеген", – деді ІІМ имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар департаментінің бастығы Шыңғыс Алекешев.

Жалпы тінту кезінде 12 келіден астам мефедрон және 17 келіден астам прекурсор тәркіленді.


Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар