Мемлекеттік қызмет саласындағы киберқылмыс: ҰҚК күдіктіні ұстады

/image/2024/02/22/crop-37_11_646x861_qylmys.jpg

2024 жылғы 30 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен мемлекеттік электрондық қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасауда күдікті болып табылатын Қарағанды тұрғынын ұстады.

"Тінту кезінде 24 ұялы телефон, 4 жүйелі блок, 4 флеш-карта, 9 ноутбук, планшет алынды. Алдын ала бағалауға сәйкес, залалдың сомасы 49 млн теңгеден артық құрады", делінген Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қылмыстық кодекстің 207-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар