Айжан Есмағамбетованың мәлімдеуінше, вакцина біріне салынбаса да, кейбір топтағы адамдарға салуға болатынын айтады.
- Дүнижүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша қазір халыққа Covid - 19 вирусына қарсы вакцина салдыруға немесе ревакциянация жасауға қажеттілік жоқ. Алайда халықтың осал топтарына ғана, егде жастағы адамдарға екпе салуға болады. Бірақ мұны да эпидемиологиялық жағдайға байланысты әр мемлекет өзі шешеді, -дейді.
Сондай-ақ вице-министр қазіргі таңда Қазақстанда мұндай вакцина жоқ екенін, қажет болған жағдайда қайта өндірілетінін айтты.
- Қазір коронавирусқа қарсы вакцина жоқ. Ол бізге керек те емес. Эпидемологиялық жағдай өзгерсе, OtarBioPharm бір айда екпенің керек дозасын шығарады. Бірақ қайталап айтамын, ДДСҰ ұсынымына сәйкес, бүгінде коронавирусқа қарсы екпе алуға қажеттілік жоқ, - деді бас мемлекеттік санитария дәрігері.
Пікір қалдыру