205 киік мүйізін алып өтпек болған ер адам ұсталды

/image/2024/03/15/crop-2_4_164x292_061422782000.jpg

Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. 2024 жылдың 13 наурызында Қытаймен шекарада кедендік бақылау кезінде Жетісу облысы бойынша "Қорғас ХШЫО" кеден бекетінің лауазымды тұлғалары және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, "Toyota" автокөлігін басқарған Қазақстан Республикасының азаматы "С" кедендік бақылаудан қосалқы дөңгелекте жасырылған "киік мүйіздері" анықталды. Заңбұзушылық жүргізушімен әңгімелесу және көлік құралын тексеру барысында анықталды.

Бұл көлік Қазақстан Республикасынан "Қорғас ХШЫО" АЭА аумағына келе жатқан. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген процессуалды әрекеттер жүргізілуде.

Мұндай әрекет үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-1-бабында "Киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту" қарастырылған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар