Атынан несие алып, артынан ұрып өлтірген

/image/2024/03/27/crop-17_0_178x237_bez-nazvaniya-5.jpg

Күдіктілер Жаннұр Қалиды бір апта бойы жалдамалы пәтерде ұстаған. Атынан несие алып, артынан ұрып өлтірген. Алматы облысында қайтыс болған 18 жастағы қыздың өліміне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды.

Жақындарының айтуынша, марқұм Жаннұр Қали күдіктілермен бір пәтерде бір аптадай бірге тұрған. Сол уақыт аралығында жас жігіттер бойжеткеннің атынан 2 мәрте несие алыпты. Ақыр соңында қызды өлтіріп, ізін жасыру үшін жартылай өртелген денесін жазық далаға тастап кеткен. Қазір жантүршігерлік қылмысқа барған 23 және 21 жастағы екі жігіт қамауда отыр.

-Жантүршігерлік қылмыс осыдан бір апта бұрын болды. Жас жігіттер 18 жастағы қызды әбден ұрып-соғып, Қонаев қаласының маңына әкеледі. Сөйтіп, жазық далада өлтіріп, артынан өртеп жіберген. Бірақ, денесі толық өртенбепті. Полицейлер осы күйінде тауып алған. Мұндай жауыздыққа барған күдіктілердің бірі марқұм Жаннұр Қалидың сөйлесіп жүрген жігіті болып шыққан. Екеуі наурыздың басында интернет арқылы танысқан екен. Кейін тіпті бір пәтерде тұрған. "Тергеушінің айтқаны, бұлар 7-сі күні танысқан. 9-нан бастап 1 апта бірге тұрған. Атынан кредит алдырған. Айфон телефонын сатқан. Содан кейін Бақанастың жолында қасақана өлтірген деп қысқа мәлімет берді. 15:08 Екі адам өлтірген. Битамен ұрған. Өртеген",-дейді марқұмның туысы Ботагөз Ұябаева.

Дәм тұзы небәрі 18 жасында таусылған Жаннұр Қали Өтеген батыр ауылында тұрған. Осында колледжде аспаз мамандығында оқыпты. Бірақ, жақында оқуын тастап, Алматыда жұмыс істеймін деп кеткен екен. Күдіктілер бойжеткеннің жетім екенін біліп, іздеу-сұрауы болмайды деп ойлап, пайдаланғанына сенімді туыстары. "Күдіктілермен танысқан кезде ешкімім жоқ, жетім қызбын деп айтқан екен. Жетім болғанда, әкесі 2007-ші жылы ықайтыс болды. Анасы аналық құқығынан айырылған. Бала опекунствада екінші нағашымның қолындла өскен. Кейіннен 7 сыныпқа өткенде апамыздың қолына өткен",- дейді марқұмның туысы Ботагөз Ұябаева. Жаннұрды осы уақытқа дейін бағып-қаққан туыстары кінәлілердің қатаң жазаға тартылуын талап етуде.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар