Министр айтпақшы, қазіргі таңда Парламентте әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша әзірленген заң жобасы талқыланып жатыр.
- Бұл заң жобасында отбасылардан балаларды мемлекеттік органдардың тартып алуына мүмкіндік беретін нормалар бар деген жаңсақ ақпараттар таратылып жатыр. Ол ақпараттың ешбірі шындыққа сәйкес келмейді, - деп мәлімдеді вице-министр.
Оның сөзінше, қаралып отырған заң жобаларында және Мәжілістегі басқа да нормативтік-құқықтық актілерде балаларды отбасылардан тартып алуға қатысты бірде-бір норма жоқ.
- Мемлекеттік саясат баланы туған отбасында тәрбиелеу құқығын қамтамасыз етіп, балаларды тәрбиелеу мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде ең алдымен ата-аналарға басымдық беруге бағытталған. Мемлекет өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдауға арналған тиімді шараларды үнемі іске асырып келеді, - деп айтты Еділ Оспан.
Пікір қалдыру