Алматыда күзетшіні қатыгездікпен өлтірген күдікті 14-қабаттан секірмек болған

/image/2024/03/29/crop-17_2_783x1159_full_1711701250816009bf35163c57d911fd0209d754b2_webp.webp

Кісі өлтіру оқиғасы Самал-3, 25-шағын ауданында, «Меркурий Тауерс» тұрғын үй кешенінде болған. Полиция келген кезде күзетшіні ұрып-соққан ер адам жасырынуға тырысқан. Содан кейін 14-қабаттағы өз үйіне көтеріліп, терезеден секірмек болған.

Полиция қызметкерлері оған бұл ойын іске асыруға жол бермей, күдіктіні ұстаған.

Соның салдарынан 45 жастағы ер адам күзетшіге өміріне қауіп төндіретін дене жарақаттарын салған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр, - делінген полиция хабарламасында.

Еске салсақ, 28 наурыз күні кешкі уақытта күзетші қақпаны жаба бастағанда, джип мінген ер адам оны бірнеше рет әдейі қағып, артынан көліктен түсіп оны жұдырықтай бастаған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар