Құжат Ақорда сайтында жарияланды.
"Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын", – делінген жарлықта.
2023 жылғы қыркүйектен бері Қанат Бозымбаев президент кеңесшісі қызметін атқарған болса, 2021-2022 жылдары ол Алматы облысының әкімі болды.
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қанат Бозымбаев өңірлік саясат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, төтенше жағдайлар және су ресурстары мәселелеріне жетекшілік ететінін хабарлады.
"Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалған Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев өңірлік саясат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, төтенше жағдайлар және су ресурстары мәселелеріне жетекшілік ететін болады", – деп жазды ол.
Пікір қалдыру