Атырау ардагерлері су тасқынының алдын алу тәсілдерін ұсынды

/image/2024/04/04/crop-0_0_506x900_1492574770_l.jpg

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің айтуынша, 1993-1994 жылдары Жайық өзеніне су шамадан тыс көп келген. Биыл да мол су келетіні болжанып отыр. 

Өңірде су тасқынын тоқтатудың тәсілін білетін ардагерлер аз емес. Облыс әкімімен кездесуде ардагерлер Нұрпейіс Мақашев, Мұрат Өтешов, Ғаббас Хисметуллин, Бисен Қуанов, Нәсіпқали Қонасов, Сағынбай Шотпақов, Едіге Сабыров, Анатолий Жмыхов, Роман Оливко тасқын суды тежеуге қатысты тәжірибе бөлісті.

Олар бірқатар ұсыныстарын айтты. 

Біріншіден, геодезистердің кеңесімен Балтық жүйесіне сәйкес жер бедерін ескеріп, бөгеттер мен жағалау қорғанысын салу қажет.

Екіншіден, су келген кезде балықтың жаппай қырылуын болдырмау үшін эпидемиологтар мен балық шаруашылығы саласының мамандарының кеңесіне жүгінген жөн. 

Үшіншіден, топографиялық суреттеу жүргізіп, арнайы картаны дайындауды қолға алу керек.

Бұл үшін Индер, Махамбет аудандары мен Атырау қаласының жағалау аймағын қосып, оған техника бекітілуге тиіс.

Төртіншіден, өңірдегі Нарын, Бақсай, Соколов, Сарыөзек каналдарының табанын тазартып, өзен суының жолын ашудың маңызы зор.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар