«Астана теміржол» ФББ өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлармен карантиндік фитосанитариялық бақылау қадағалау жұмыстарын жүргізу барысында Ресей Федерациясы аумағынан әкелінген 108 орын немесе 2700 дана болатын бума пакетте қызанақтың тұқымдары қауіпті вируспен залалданғанын анықтады. Өнім елорда аумағына еңгізуге тыйым салынды және «НТП Kazecotech» компаниясының мамандандырылған пешінде өртеу әдісімен жойылды.
Қызанақтың қоңыр қатпарлы вирусы (тобамовирус, ToBRFV) тұқымдарда сақталады және байланыс арқылы оңай таралады. Бұл вирустың адам денсаулығына зияны жоқ, алайда Solanaceae тұқымдас барлық дақылдарды зақымдайтын қауіпті патоген. Вирус жаппай таралған жағдайда өнімнің 80%-ға дейін жойылуы мүмкін», - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар аталған факті бойынша ӘҚБК-нің 400-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы негізінде өнім иесіне әкімшілік іс қозғалып, 103 376 теңгеге айыппұл салынды.
Пікір қалдыру