Бүлінген электр сымдарын жөндеуге 800 млн теңге керек болуы мүмкін – Энергетика министрлігі

/image/2024/05/02/crop-2_1_166x296_bez-nazvaniya-4.jpg

-Тасқын салдарынан бүлінген барлық бағанды қалпына келтіруді электр желілері компаниясы өз мойнына алып отыр. Яғни, бюджеттен ешқандай қосымша қаражат бөлінбейді. Тек Қостанай облысындағы Жангелді ауданында құлаған бағандарға төтенше жағдай бойынша есеп жасалып жатыр. Сол есепке мүмкін төтенше жағдай жанындағы бюджеттен қосымша қаражат бөлінеді. Оны осы аптаның аяғына дейін нақтылаймыз. Қалған өңірлерде ешқандай бюджет шығыны болмайды. Электр желілері компаниясы бәрін өз қаражатынан жөндейді», - деді вице-министр Сенат отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына берген жауабында.

БАҚ өкілі министрлік Жангелді ауданындағы электр бағандарын жөндеуге бюджеттен қанша қаражат сұрап отырғанын сұрады.

«Бүгінгі алдын ала санауымыз бойынша, 800 млн теңгеге жуық болып тұр. Бірақ ол жақта да бизнес саласы көмектесіп жатыр ғой. Тиісті жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ қосымша керек болса, сондай көлемде қаражат бөлінуі мүмкін», - деді Сұңғат Есімханов.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар