Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ірі көлемде есірткі заттарын сатумен айналысқан ер адамды ұстады. Одан құны 1 млн теңгеден асатын есірткі заттары тәркіленді. Күдікті Орал қаласынан Атырауға есірткі заттарын жеткізу және өткізу арнасын ұйымдастыру үшін арнайы келген. Ол бұндай қылмыстық іс-әрекетке барған себебін “несиеге белшемнен батып тез арада оңай ақша табу үшін” деп түсіндірген.
Күдікті 19 наурыз күні сағат 13:40 шамасында ұсталды. №1 Атырау қалалық полиция бөліміне қарасты №26 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлері Авангард мөлтек ауданында орналасқан сауда орталығының бірінде 340 дана насыбай өнімін сатқан 29 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады. Қазіргі таңда тиісті іс-құжаттар жинақталуда.
Қазіргі уақытта 30 жастағы БҚО тұрғыны тергеу изоляторында қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Пікір қалдыру