«Өнегелі ұрпақ» тақырыптық апталығы аясында 787 іс-шара өткізілді, 2308 егде жастағы адамға көмек көрсетілді.
Волонтерлер, жастар ресурстық орталығы өкілдері және Алматы облысының «Ковчег» балалар үйі тәрбиеленушілері бірігіп сенбілік өткізді. Аумақты көгалдандырумен айналысып, көшеттер отырғызуға 50 адам қатысты. Сонымен қатар, жасөспірімдерге арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Іс-шара соңында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар табысталды.
Жалпы, акция барысында 8 сәуір мен 4 мамыр аралығында өңірлерде 5,6 мыңнан астам іс-шара өткізіліп, оған 1 млн-нан астам адам қатысқан.
6-11 мамыр аралығында өзен-көлдер маңын қоқыстан тазалауға бағытталған «Мөлдір бұлақ» тақырыптық апталығы ұйымдастырылады. Барлық іс-шараға жастар ресурстық орталықтары, волонтерлік қоғамдастықтар белсенді қатысады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру