Сиырдың құдай еместігін түсіну үшін тағы да төрт мың жыл өтуі керек пе?

/uploads/thumbnail/20170708200950395_small.jpg

Бұл – XXI  ғасыр.  Біз өркениетті қоғамда өмір сүріп жатырмыз дейміз өзеуреп.  Әңгіме уақыт тілінің XXI  ғасырды көрсетуінде емес.  Дата мен цифрлардың ауысуы бір нәрсені өзгертетіні  рас болса, бүгіндері Үндістандағы бес миллион адамның сиырға табынуын қандай  қисындармен түсіндіруге болады? Әлде, сиырдың құдай еместігін түсіну үшін тағы да төрт мың жыл өтуі керек пе екен?

Ендігі сөзді ӨРКЕНИЕТ ұғымына қарай бұрсақ. Біз ӨРКЕНИЕТ деп нені айтып отырмыз өзі? Ақ көйлектің сыртына қара костюм киіп алып, мәз болысып мерседес мінгендігімізді ме, әлде  интернетке қосылған айфон алты телефонымыздың бар екендігін бе? Жоқ, болмаса ішінде бассейні  бар биік коттеджде тұратынымыз туралы ма?  

АЛ  САНАМЫЗ БЕН  ПАРАСАТЫМЫЗДЫҢ КӨКЖИЕГІ ШЕ?

ОНЫҢ ҚАНДАЙ ЖЕТІСТІКТЕРІН АЙРЫҚША АТАП, АЛҒА ТАРТҚАН БОЛАР ЕДІК? 

 Анайы болса да, айтпасқа лажымыз жоқ.  Басқасын айтпағанда, дәрет сындырғаныңнан  ақша  жасайтын  бұл қоғамды  ӨРКЕНИЕТТІ  деуге дәтіңнің  бармасы  анық.  

ӘЛМИСАҚТАН ӨЗІ, ӨРКЕНИЕТ ДЕГЕНІМІЗ САНА МЕН  РУХТЫҢ  ЖЕТІСТІГІ  БОЛАТЫН.  Ендеше,  еш  өкпелемеуге тиіспіз.  АР  мен  ҰЯТ,  ОБАЛ   мен  САУАП  тұрғысынан  XVIII  ғасырдың тумалары  Құнанбай мен  Шоң  билер  бүгінгі  біздерден  әлдеқайда  ӨРКЕНИЕТТІ. 

 Қызық, аяқ астынан  Алмания мен Жапония  автокөліктерін экспорттаудан бас тартып,  бір жылға дерлік интернет желісі  істен  шықты делік (Әрине, олай болуы мүмкін болмаса да). Сонда бағанағы «Бұл XXI ғасыр.  Біз өркениетті қоғамда өмір сүріп жатырмыз» деп шіренген  «қағидасымағымыз» қайда қалды?  Біз  бұл  «хаостан»  жалған  көзқарастарды  жамылған  халықтың  әдемі (дұрысы тыржалаңаш) өтіріктерге  ғана  алданып  отырғандығына  көзімізді   жеткізген  болар  едік.

 

Ықылас Ожайұлы

Қатысты Мақалалар