Біздің билік Әнұранымызды қорлаған елдерге нота жіберіп көрді ме?

/uploads/thumbnail/20170708200944986_small.jpg

Бір емес, екі емес біздің Әнұран неге жиі қорлана береді? Бұған дейін Парижде ескі әнұран қойылса, Кувейтте Бораттың әнін қойып, айды аспанға шығарған болатын. Өзіміздің Қостанай облысында  әлдебіреудің жеке ән қоржынынан бір әнді қоя салып, масқарамызды да шығарған. Енді міне, РФ Хабаровскіде өткен әлем біріншілігінде отандасымыз Мерей Сүйінов  каратэден чемпион атанып жатқанда тағы да ұйымдаструшылар Әнұранымызды шатастырған. Мерей қарсылық білдіріп, тоқтатып, кешірім сұратып өз намысын бермеді. Бірақ, біздің Әнұранымызды осы күнге дейін шатастыра беретіндерге не істеуге болады? Ол дегеніңіз мемлекеттілігімізді көзге ілмеумен бірдей ғой. Біздің билік Әнұранымызды қорлаған елдерге нота жіберіп көрді ме? Осындай істердің алдын заң бойынша ала ала ма? Жоқ әлде, Әнұранымыз тағы да қорлана бере ме?

 Тұрдыбек Құрметхан

Қатысты Мақалалар