Дүниежүзілік ана сүтімен қоректендіру апталығы өтуде

/image/2024/08/08/crop-44_0_644x859_111.jpg

Әр жылда әлемде Ана сүтін еметін сәбилердің денсаулығын нығайту мақсатында емізуді насихаттауға бағытталған Дүниежүзілік баланы емізу апталығы өткізіліп тұрады. Бұл апталық ана мен баланы қорғау жөніндегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, жүргізіліп отыр.

Осыған орай, Алматы облысы Көксу ауданының Балпық би кентіндегі емханада Дүниежүзілік ана сүтімен қоректендіру апталығы аясында «Ана сүтімен қоректендіру – балалар денсаулығының кілті» ұранымен Ұлттық бағдарлама өткізілді.

Бағдарламаның бойынша облыстағы болашақ аналарға, емізетін аналарға әйел ағзасының жеке ерекшеліктерін, баланың анатомиялық-физиологиялық дамуын, екі жасқа дейін ана сүтімен қоректендіруді сақтау мақсатында ықтимал асқынулар мен қауіп-қатерлерді ескере отырып, жеке кеңес беру үшін «Ашық есік күні» шарасын өткізу, отбасын жоспарлау кабинетінде ана сүтімен қоректендіру бойынша сабақтар өткізу, сабақтарда ана сүтімен қоректендіру бойынша шебер-класс өткізу жұыстары, аумақтық учаскелерде ана сүтімен қоректендіру, 6 айдан бастап қосымша тағамдарды дұрыс енгізу, сондай-ақ 2 жастан бастап ана сүтімен қоректендіруді аяқтау мәселелері бойынша сұхбаттар өткізу секілді жұмыстар жүргізілді.

Ана мен баланы қорғау бағдарламасына сәйкес, Балпық би кентіндегі емханада үйге барып қарау арқылы патронаждау әдісінің әмбебап-прогрессивті жүйесі негізінде патронаж мейірбикелері жұмыс жасайды.
Сондай-ақ патронаж мейірбикелері жаңадан босанған аналарға ана сүтінің маңызы туралы түсіндіріп, нәрестенің омырауға дұрыс салынуын үйретеді.
Ал емхананың баланы дамыту кабинетінің мейірбикесі қабылдауға келген аналар мен медицина қызметкерлеріне семинар сабақтар жүргізіп тұрады.

Яғни, омырау сүті - нәрестелер үшін аса пайдалы тағам.
Нәрестелер өмірінің алғашқы алты айында және одан кейінгі екі жасқа дейін омыраумен емізудің маңызы зор екенін аналарға түсіндіру арқылы балалардың құқығын қорғай алады. Сонымен бірге,
Ана сүтімен емізу сәбилер миының дұрыс жұмыс жасауын, инфекциялардан қорғаудан, семіздік қаупі мен балалар ауруларын төмендетуден бастап, денсаулыққа жұмсалатын шығындарға, емізетін аналарды анабез ісігі мен сүт бездері ісігінен қорғауға дейін өте маңызды.
Омыраумен емізбеу респираторлық аурулардың, гипотермияның және диареяның,  инфекциялық аурулардың пайда болу себебі екенін Алматы облысындағы Көксу ауданының Балпық би кентіндегі емхана қызметкерлері әрдайым түсіндіріп, ана мен баланың денсаулығы үшін нәтижелі жұмыстар атқарып келеді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар