Алматы облысында жедел жәрдем қызметкерлері әйелді үйінде босандырып алды

/image/2024/08/08/crop-0_62_511x908_i-6.webp

Алматы облысында жедел жәрдем қызметкерлері әйелді үйінде босандырып алды. Оқиға Қарасай аудданының Іргелі ауылында болған. Бұл туралы Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 

Тұрғынның қоңырауынан кейін жедел жәрдем көлігі 20 минутта жеткен. Алайда әйелдің толғағы 2 сағат бұрын басталған. Медицина қызметкерлері жүктіліктің 39-40-шы аптасындағы әйелді үйінде босандырып алуға мәжбүр болған. Шұғыл шақыртуға 19/23 бригада фельдшері Мақпал Құнафина мен қосалқы фельдшер Бахытгүл Рысмендиева барған.

“Келе салып науқасқа жедел медициналық жәрдем көрсеттік. Шақырту түскен кезде диспетчер толық мәліметті берген болатын. Уақытты созбай бірден босандарып алуға көштік” - дейді, 19/23 бригада фельдшері Мақпал Құнафина.

Жедел медициналық көмектің арқасында 19/23 бригадасы әйелді аман-есен босандырып, Қаскелең аудандық ауруханасына жеткізді. Қазіргі уақытта әйел де, оның сәбиі де дін аман.

Айта кетейік, Алматы облысының халық саны 1 млн 582 мың 52 адамды құрайды. Соңғы 6 айдың ішінде облыстық жедел жәрдем қызметкерлеріне 327 мың 566 шақырту түсіп, тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар