Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тұрақты негізде тапсыру мерзімі бұзылған, қаржы жымқыру қаупі бар әлеуметтік маңызы бар объектілердің құрылысына мониторинг жүргізеді.
Еліміздің барлық өңірлерінде - барлығы 156 нысан орнатылды. Оның ішінде 5 нысан Алматы қаласы бойынша орналасқан.
2024 жылдың тамызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен шараларының арқасында 2019 жылы құрылысы басаталып, 2020 және 2021 жылы аяқталуы тиіс «Шанырак-1,2 шағын ауданында сарқынды суларды айдау станциясының құрылысы» және «Алматы қаласы Қарасу шағын ауданының шығыс бөлігінде сумен жабдықтау және су бұру» объектілері пайдалануға берілді.
Аталған шағын аудандарда 6,5 мыңнан астам үй 5 жыл бойы сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосылмаған.
Құрылыс барысын жедел бақылау үшін жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлері еріктілермен бірлесіп апта сайын осы объектілерге барып, туындайтын мәселелерді шешуге және жұмыс кестелерін сақтауға ықпал етті.
Пікір қалдыру