Облыс басшысы Марат Ахметжановтың сөзінше, биыл Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша оң нәтижеге қол жеткізді.
Оның айтуынша, өткен агрокезеңде өңір айтарлықтай нәтижеге қол жеткізіп, елдің негізгі астық алқабы мәртебесін дәлелдеді.
- Негізгі міндеттердің бірі – ауыл шаруашылығы саласын өңір экономикасының басты драйверіне айналдыру. Биыл ауыл шаруашылығы өнімінен 1 трлн теңгеден астам кіріс түседі. Өңір диқандары 6,6 млн тонна рекордтық астық жинады. Өнімділік – гектарынан 14 ц асты. Астықтың 60 пайыздан астамы тауарлық сапасы жоғары бидай, – деді әкім ОКҚ-да.
Пікір қалдыру