Министрдің айтуынша, мектептерде қаражат жинау мүлдем болмауы керек. Бұл кез келген оқиғаға, соның ішінде бітіру кешіне де қатысты. Ол министрліктің бұйрығымен мектепте ақша жинауға тыйым салынғанын еске салды.
"Кез келген іс-шараны ақшасыз түрде өткізуге болады, әсіресе қазір барлық шаралар "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында жоспарланған. Кез келген іс-шара өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталуы керек", – деді Бейсембаев.
Мұғалімдерге тек кәсіби мерекесінде гүл сыйлауға рұқсат етілген деді.
"Мұғалімдер ешкімнен сыйлық күтпейді, біз, мұғалімдер, материалдық сый-сыяпатсыз-ақ балаларды оқытамыз және тәрбиелейміз. Егер жеке ұйымдарда әлі де ақша жинау фактілері байқалса, бізге хабарлауларыңызға болады, біз тиісті шараларды қабылдаймыз", – деді министр.
Мектептерде мерекелер мен іс-шараларды ешқандай қосымша шығынсыз ұйымдастыруға болады деді.
Пікір қалдыру