Алматы қаласындағы "Амазон" мейрамханасы қонақтарға мемлекеттік тілде қызмет көрсетуден бас тартқан.
Келуші қонақ мейрамхана қызметшісінің жауабын тикток әлеуметтік желісінде жариялады. Аудиодан қызметшінің тіпті темлекеттік тілде ас мәзірі жоқ екенін айтқанын да естуге болады.
- Бізде орыс тіліндегі ас мәзірі бар. Қазақ тілінде жоқ. Қаласаңыз, әзірбайжан тіліндегі ас мәзірін жіберейін сізге, - дейді аудиожазбада.
Бұл мәселе қоғамда үлкен резонанс тудырып, көпшілік 2ГИС қосымшасы арқылы аталмыш мейрамханаға наразы пікірлерін жазуда.
Кейіннен мейрамхана басшылары "Бізде қазақ тілінде ас мәзірі бар. Бұл хейтерлердің ісі" деп ақталды.
Пікір қалдыру