Бүгін сағат 15:10-де еліміздің бірнеше қаласында жер сілкінді. Нақтырақ айтсақ жер сілкінісін Алматы, Тараз, Шымкент қалаларының тұрғындары сезген. Әзірге аталған қалалардағы жердің дүмпуі қанша балл болғаны белгісіз. Бұл туралы «Қамшы» порталы zakon.kz-ге сілтеме жасап.
Негізі Алматы қаласына жақын орналасқан аймақтарда жиі жер сілкінісі болып тұрады. Алайда табиғаттың тосын мінезі Шымкент пен Тараз тұрғындары үшін күтпеген оқиға болып отыр. Өйткені аталған аймақта жер сілкінісі Алматы қаласындағыдай жиі болған емес.
Белгілі журналист Амангелді Құрметұлының айтуынша аталған жер сілкінісі Пәкістанда болған. Өйткені Пәкістанның солтүстік аймағында қуаты 7,7 балдық жер сілкіні болғанын әлемдік ВВС, The Associated Press, Euronews сынды ақпарат агенттіктері хабарлап жатыр.