Еліміздің әр өңірінде күн сайын нан бағасының қымбаттауы байқалады. Кеше Қостанайда нан бағасы тағы бес теңгеге қымбаттағаны белгілі болды. Бұл туралы «Қамшы» порталы 31-арнаға сілтеме жасап хабарлайды.
Ел арасында «әлеуметтік нан» аталатын 600 грамдық бөлке нан бұрын мұнда 46 теңге болса, бүгінде 51 теңгеге сатылуда. Облыста бұған дейін нан шілде айында да қымбаттағанын ескерсек, соңғы төрт айда нан бағасы 9 теңгеге өсіп отыр. Қостанайлық наубайхана басшылары баға саясаты тек ұнға тәуелді еместігін, соңғы уақытта әжептауір қымбаттаған ашытқы мен өсімдік майының бағасы да әсер ететінін айтып ақталуда.
Жергілікті билік болса, нан бағасын күштеп ұстай алмайтындарын бірден айтқан.