Алматы қаласы әкімінің атынан Instagram желісінде жалған аккаунт ашылған, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы total.kz-ке сілтеме жасап.

Instagram желісіндегі bauirzhan_baibek парақшасына бүгінде жеті мыңға жуық қолданушы тіркелген. «Псевдоәкім» осы уақытқа дейін Бауыржан Байбектің қатысуымен өткен іс шаралар туралы 20 пост жариялап та үлгерген.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі әкімнің бұл профайлға ешқандай қатысы жоқтығын, ондағы мәліметтердің барлығы ойдан шығарылғанын айтқан.