Желіде ресейлік Airbus A321 лайнерінің апатқа ұшыраған орнының суреттері пайда болды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Lifenews.ru-ға сілтеме жасап.
Ұшақ Мысырдағы Синай түбегінде құлаған болатын. Мысырдың БАҚ-тарында жария болған кадрларда ресейлік ұшақтың фюзеляжының түгелдей жанып кеткенін көруге болады. Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде. Олар қирандының астынан қаза болғандардың мәйіттерін шығарып жатыр.