Бүгін Парламент Жоғары палатасы Сенатта ҚР-ы Ұлттық банкі төрағасының кандидатурасы қаралады. Бұл туралы «Қамшы» порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жоғары палатаның баспасөз қызметі таратқан хабарламада Сенат депутаттары пленарлық отырыста Ұлттық банк төрағасының кандидатурасына келісім беретіні айтылған. Бірақ, сенаторларға жаңа кандидат ұсынылатыны, немесе қазіргі төрағаның өкілеттілігін созу мәселесі қарастырылатыны нақтыланбаған.
Ұлттық банктің қазіргі төрағасы Қайрат Келімбетов бұл лауазымға 2013 жылғы 1 қазанда тағайындалған болатын. «ҚР-ы Ұлттық банкі туралы» Заңға сәйкес бас банк төрағасын Президент Сенат депутаттарының келісімін ала отырып, 6 жыл мерзімге тағайындайды.