Көкшетауда бір жігіт өзін өртеп жіберді

/uploads/thumbnail/20170708201931513_small.jpg

20 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны өзін өртеп жіберген. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, мұндай әрекетке бозбала азаматтық некедегі йелімен болған жанжалдан соң барған. Бұл туралы «Қамшы» порталы Ақмола облыстық ІІД-і баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Денесін І дәрежедегі күйік шалған азамат облыстық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлерге болған оқиғаның себебі туралы түсінік беруден бас тартқан.

Алайда, оқиғаның қалай болғанын жігіттің отбасы мүшелері айтып берген. Өртенген жігіттің азаматтық некедегі әйелі болған. Туыстарының айтуынша олардың арасында жиі жанжалдар болып тұрған. 1 қараша күні ол өзінің азаматтық некедегі әйелінің жұмысына келіп, сол жерде тағы да ұрыс-керіс болған. Жанжал барысында ол әйеліне өзін өртейтінін айтып кетіп қалған.

Шошынған әйелі дереу жігіттің ата-анасына хабарласып, барлығы үйге келгенде, үстіне бензин құйып алып отырған жігітті көреді. Ол жанына ешкімді жақындатпай көшеге жүгіріп шығып, үстіне от қойып жіберген. Туыстары өртенген жігітті ұстап алып, отты өшіріп жедел жәрдем көлігін шақырған.

Полиция қызметкерлері өз-өзін өртеуге әрекеттенген жігіттің бұрын мұндай қылық танытпағанын, ешқандай тіркеуде тұрмағанын, отбасы мүшелерінің барлығы тұрақты жұмыс істейтінін айтқан.

 

Қатысты Мақалалар