Кеше, митингіде полицияға айқайлаған, Жанара Д'Арк аталған қызға риза болдық. Оның сол әрекетін тәртіп сақшыларын арандатушылық деуге болмайды. Жалынды сөздеріне, оның айтқандары көпшіліктің көкейіндегілермен сәйкес келгеніне разымыз. Иә, полиция өзінің міндетін атқарды, олардың арасында да ұлтқа, қазаққа жаны ашитындар, биліктің бүгінгі саясатына іштей наразылар бар. Олар уақыт өткен сайын көбейіп келе жатпаса, азаймайды. Өйткені Үкіметтің қазіргі ұстанымына наразылар көп.23 жылда көркейіп, жағдай түзелудің орнына кері кетіп барамыз. Экономика дербестелген (диверсификация) жоқ, экспорттан импорт басым, кластерлік жүйе қалыптастырылмаған, мұнай мен газ, табиғи ресурстарға баймыз, бірақ қзығын көре алмай отырмыз... Қысқасы, тізім осылай жалғаса береді. Ал мына қыз өз наразылығын ашық айтты. "Туған жерімде не істей аласың маған менің, ?!" деді. "Мені алып кетіп, не істейсің, сенен неге қорқуым керек?" деген ашу-ыза жатыр. Полицейлердің көзге тік қарай алмай, қипаңдауының астарында құдды "Маған не қыл дейсің енді? Мен тек бұйрықты орындаймын ғой" деген ақталу жатқан сияқты көрінді... Әрі қазір адамдардың көпшілігінің жүйкесі сыр берген: қарапайым адамдарды бәрі қорқытады: билік те, ірілі ұсақты шенеунік те, әкім-қара, жұмыс беретін бастық та, тіпті, есік күзетіп отырған күзетші де... Неге? Өйткені ЗАҢ жұмыс істемейді. Заң ханға да, қараға бірдей. Алайда, заңды кейбір мемлекеттік қызметкердің өзі сақтамайды. Басқаға не жорық? Осыны тіпті, Қазақстанға келетін шетелдіктер де өз пайдасына ұтымды пайдаланып жүр...
Нәзия Жоямергенқызы
(Фб парақшасынан)