Қазақстандық танымал продюссер Тәңірберген Хажиев дүниеден озды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақфильм» баспасөз қызметі танымал кинопродюссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан киноматографистер одағының мүшесі, профессор Тәңірберген Ыбырайұлы Хажиевтің дүниеден озғаны туралы хабар таратты.
Тәңірберген Хажиев 1950 жылы бұрынғы Талдықорған облысы Жеңдік аулында дүниеге келген. 1976 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын тәмамдағаннан соң, ұзақ жылдар бойы отандық киноөндірісі саласында қызмет атқарған.
Ол 20-дан астам толық метражды кинокартиналардың түсіріліміне қатысқан. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы «Аллажар» деректі-көркем фильмінің продюссері болды.