Алматыда полиция қызметкері көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708203117648_small.jpg

Алматыда көпірден секірмек болған қыз құтқарылды. Бұл туралы «Қамшы» порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 8 қараша күні Алматыдағы Саин мен Жұбанов көшелерінің қиылысындағы көпір үстінде болған. Оқиға куәгерлері болған жағдайды видеоға түсіріп алған.

Бейнежазбада көпір үстінде жақтаудың сыртында тұрған қыз анық көрінеді. Полиция қызметкері оған қолын созып, жақындағанда қыз кері шегініп қашады. Қолайлы сәт туғанда полицей қызды дереу ұстап алып, қауіпсіз жерге алып шықты.

 

 

Қатысты Мақалалар